Басты

Кеңес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді дамыту мәселелері бойынша ЖОО-лардың қызметін үйлестіру, оқу процесін, ғылыми жұмысты, ғылыми-педагогикалық кадрлардың және басқа да қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру бойынша оң тәжірибені жалпылау және тарату, жоғары білім беру жүйесін жетілдіру, елімізді білікті мамандармен қамтамасыз ету, сондай-ақ ЖОО ұжымдарын әлеуметтік қолдау мен мүшелерін қорғау мақсатында құрылған.

Кеңес қызметінің негізгі бағыттары:

  1. оқу процесін одан әрі жетілдіруге, ғылымды дамытуға және материалдық-техникалық базаны жақсартуға бағытталған жоғары білімнің жалпы тәсілдері мен саясатын айқындау үшін ұсынымдаржасау;
  2. жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласында нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу;
  3. экономиканың қажеттіліктерін, еңбек ресурстарының болуын және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында мамандықтарды және дайындық бағыттарын ұтымды орналастырудыескеріп, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді дамыту бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
  4. студенттер мен ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің академиялық ұтқырлығына жәрдемдесу, мамандарды даярлау, қайта даярлау мен біліктілігін арттыру және ғылыми зерттеулер саласында жоғары оқу орындар мен ғылыми мекемелерді біріктіруді дамыту;
  5. студенттердің практикалық дайындығы, ЖОО түлектерін жұмыспен қамту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы ЖОО-ларының коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдармен байланыстарын нығайту;
  6. кәсіптік бағдарлану және дарынды жастармен жұмыс жасау бойынша ЖОО-лардың қызметін үйлестіру;
  7. ЖОО-лардың дамуы, студенттердің, магистранттардың, докторанттардың, тыңдаушылардың, оқытушылардың және ЖОО-лардың басқа қызметкерлерінің әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту бойынша іс-шаралар мен ұсыныстарды әзірлеу;
  8. жоғары оқу орындарының тікелей халықаралық байланыстарын күшейту мен дамуына жәрдемдесу;
  9. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мәселелеріне қатысты нормативтік актілердің жобаларына сараптама жасау;
  10. салалық академиялармен, жоғары оқу орындарының қауымдастықтарымен, жұмыс берушілер қауымдастығымен, кәсіптік одақтармен, қорлармен өзара әрекеттесу;
  11. жоғары оқу орындарының ректорлары мен басшы қызметкерлерінің басқа да санаттарының әлеуметтік мәртебесін арттыруға жәрдемдесу;
  12. жоғары мектеп қызметінің мәселелері бойынша мекемелерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға және азаматтарға консультациялық және ақпараттық қызмет көрсету болып табылады.

 

Theme by WP Puzzle